6 жасар скейдборшы үш қыз ғаламтор жұлдыздарына айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Калифорнияда тұратын 6 жасар үш бүлдіршін қыз өздерін Pink Helmet Posse (алқызыл дулығалы жасақ) деп атайды. Қыздар тіпті ересек спортшыларды таң қалдыратын қиын әрекеттерді орындайды.
Рельц Мерфи, Сиерра Керр мен Белла Кенворти бос уақыттарында қуыршақпен де, басқа да қыз балалар тәрізді ойындармен де ойнамайды. Үш құрбы скейтбордпен тек ұл балалар ғана айналыспайтынын дәлелдейміз деп шешкен. Өздерінің жаттығуларының бейнематериалдары мен фотосуреттерін қыздар әлеуметтік желілеріндегі парақшалар мен ресми сайтына жүктеп отырады. «Олар адам сенгісіз әрекеттерді орындайды!», - дейді Transworld Skateboarding журналының редакторы Джейми Оуенс, - Мен скейтбордингпен айналысатын жасөспірім қыздарды көрдім, бірақ мынандай кішкентай қыздарды бірінші рет көруім». Ата-аналары алғашында қыздарының еліктеушіліктерін көрген кезде шошып кеткен, алайда бұл іс шынымен олардың қолдарынан келетінін көргеннен кейін, барынша көмектесіп, қолдау білдіре бастаған. «Қызым төрт метрлік қабырғаны бағындырған кезде, мен оны мақтан тұтамын. Мен оның өзіне және күш-жігеріне деген сенімділігінің артып келе жатқанын байқап келемін. Ол оған есейгенде аса қажет болады», - дейді Рельцтің әкесі. Қазір бұл үштік жергілікті жерде танымал болып алған. Кішкентай қыздар бір емес, бірнеше рет сұхбат беріп, телеарналардан көрсетілген.