6 жасқа дейінгі балалар 100 пайызға жуық полиомиелитке қарсы егілді - Денсаулық сақтау министрі
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада басталған Түркі әлемі педиатрларының 10-шы халықаралық конгресі аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев полиомиелитке қарсы екпеден кейін балаларда кері реакцияның байқалмағанын мәлім етті.
Бірде-бір балада полиомилиетке қарсы екпе жүргізілгеннен кейін қандайда бір кері әсердің болмағанын ресми жария еткен Денсаулық сақтау министрі жаппай екпе жасау барысына түсіністікпен қараған қазақстандықтарға шексіз алғысын жеткізді.
«Біз қысқа уақыт ішінде ғана балаларымызға 100 пайызға жуық полиомиелитке қарсы екпе жасадық. Кейбір балалардың ағзасына жақпай қалу деректері кездесті, алайда оларға жыл соңына дейін екпе жасалатын болады», деді Ж.Досқалиев.