6 желтоқсан күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 6 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
8.30-да Park Inn Radisson қонақ үйінде халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Астанада «Адам құқықтарының «қара нарығы» құқық қорғау іс-шарасы өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Ұлттық архиві «Архив – 2025: Нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Гарвард университеті түлектерінің қатысуымен «Қазақстанда білім экономикасын қалыптастыру» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді.
11.00-де Astana IT университетінде «Қазақстанның жаңа экономикалық үлгіге көшуі жағдайында креативті индустрияны дамыту» тақырыбында Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook.
15.00-де Jumbaktas қонақ үйінде «Menmedia.kz» кросс-медиа платформасында «Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалықтарын рейдерлік басып алу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры іске асырған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook.
16.00-де белгілі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жарыққа шыққан, кіші жастағы балаларға арналған жаңа кітаптардың тұсаукесер жиыны өтеді.
19.00-де Astana Opera қонақ үйінде STEPPE MUSIC оркестрі Моцарт шығармаларының концертін өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі сахналанады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрында «Жұт» драмасы ұсынылады.