6 желтоқсанда Астанада бірқатар үйлерде жарық сөндіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі елорда тұрғындарын қалада жоспардан тыс жарық өшірілетіні туралы құлағдар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті Астана тұрғындары, 6 желтоқсанда елорданың кей аудандарында жоспардан тыс электр энергиясы сөндіріледі. Сол себепті алдын ала дайындалып алыңыздар» делінген әкімдіктің медиаорталығы Фейсбуктегі парақшасында таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, қай үйлерде жарық өшірілетіні туралы кесте де жарияланған.
Мәліметке сәйкес, жарық Кенесары, Пушкин, Кравцова, Бейбітшілік, Дүкенұлы, Республика даңғылы, Жеңіс, Тілендиев көшелерінде болмайды.


