6 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (6 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Kazinform

Сағат 10:00-де ҚР Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі – «ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.

Сағат 10:00-де БАҚ үшін «Қазақстанның мұнайы мен газы: индустрияны дамыту перспективалары мен шолу» тақырыбында практикалық семинар басталады.

Сағат 11:00-де «Антиконтрафакт» деген атаумен XII халықаралық форумы аясындағы баспасөз конференциясы ұйымдастырылып отыр. Баспасөз мәслихатының тақырыбы: «Темекі және никотин өнімдерінің контрабандасы және контрафактісі: ЕАЭО экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер» аясында болады;

Сағат 11:30-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зияткерлік меншік: ҚР-дағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Брифинг спикері: ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.

Соңғы жаңалықтар