6 жолбарыс, бірнеше аю өлтіргендер 9, 3 млн рубль төлейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье соты қызыл кітапқа енген жануарларды жаппай өлтірген жергілікті тұрғыннан 9,3 миллион рубль өндіріп алу туралы прокурор талабын қанағаттандырды.
Бұл туралы өлкелік прокуратура сайтында хабарланды.
«2011 жылдың маусым айынан 2012 жылдың сәуірі аралығында өлкедегі Лазовск және Партизанск муниципалды аудандарының аңшылық жер аумағында РФ Қызыл Кітабына енген, жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрған, аулауға тыйым салынған аң мен құс түрлеріне белгісіз адамдар аңшылық жасаған», - делінген хабарламада.
Айыпталушы өз жолдастарымен бірге 6 амур жолбарысын және Гималай, қоңыр аюларды атып өлтірген.