6 жылдан соң табылған қойдан 21 келі жүн қырқылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда бір қой 21 келі жүн берген. Шейла атты қой осыдан 6 жыл бұрын Тасмания штатында жоғалып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Оны жергілікті тұрғындардың бірі жол бойынан тауып алыпты. Куәгерлердің айтуынша, жүнінің ауырлығынан, малдың жүруге шамасы болмаса керек.
Осы елде өткен жылы да осыған ұқсас жағдай болған еді. Жоғалып кеткен Крис атты қой бірнеше жылдан кейін 2015 жылғы қыркүйектің басында табылған. Ол кезде малдан 41 келі жүн қырқылып, бейресми рекорд орнатылды.

«Бастапқыда қойды өлексе деп ойладым. Тыпырламай жатқан малдың көзі жыпылықтағанын көріп, қатты қуандым. Кәріз құдығының аузына кептетіліп жатыр екен. Біз оны алып шығып, тұрғызуға тырысып көрдік», деп еске алады жергілікті тұрғын Питер Джонс.

Соңғы жаңалықтар