60 мың тонна ет қашан экспортталады: Президент Асылжан Мамытбековтен жауап алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығынан жылына 60 мың тонна ет экспорттау жоспары қашан орындалатынын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кезінде асыл тұқымды ірі қара малды алып келіп, фермаларды құрдық. Сол кезде 60 мың тонна ет экспортталатыны айтылды. Бұл міндет қашан орындалады?», - деді Елбасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбековке қарата айтқан сөзінде.

Өз кезегінде жауапты хатшы 2018 жылы 20 мың тонна экспортталғанын, 2020 жылы 30 мың тоннаға жететінін айтты.

«Алдағы 2-3 жылда 60 мың тонна етті экспортқа шығару межесіне жетеміз», - деді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар