60 мыңнан астам босқын Түркия шекарасынан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көбі Сирияның солтүстігін мекен еткен күрдтерден тұратын 60 мыңнан астам босқын Түркия билігі шекарасын ашқаннан соң ел аумағына өтті, деп жазады шетелдік БАҚ.

60 мыңнан астам босқын Түркия шекарасынан өтті

Олардың осылай бас сауғалап босуына «Ислам халифаты» мен күрд әскери күштері арасындағы қақтығыстың күшейіп кетуі себеп болған.

Сирия белсенділерінің хабарлауынша, 300-ден астам күрдтік азамат «Ислам халифатымен» күреске атсалысу үшін шекарадан кері қайтқан көрінеді.