60 жастағы қырғыз азаматы Қазақстанға 2 кг гашиш өткізбек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Мерке» бақылау-өткізу бекетінің «Айша биби - авто» бөлімшесінде (Жамбыл облысы) кеше түнгі 22 сағат 15 минут шамасында «Мерседес-бенц» автомашинасымен Қырғызстаннан біздің елімізге келе жатқан қырғыз азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жас шамасы алпысты алқымдаған жүргізушінің автомашинасынан әуелі целлофан қалтаға салынған шаш бояйтын сыр табылды. Ол 28 қорапшаға бөлініп салыныпты. Әр қорапшаға 7 түйіншектен бар екенАлдын ала жүргізілген сараптама қорытындысы әлгі заттардың «Гашиш» екендігін көрсетті. Салмағы 1 кг 960 грамм болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 286-бабының 1-тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.