600-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады

Жас буынды осы маңызды оқиғамен 30212 әскери бөлімінің командирі полковник Дулат Адырбеков құттықтады. «Әскери ант қабылдау - Қарулы Күштердегі ең салтанатты рәсімдердің бірі», - деп атап өтті.
«Сендер Қазақстан армиясының құрлықта, теңізде, әуеде қолданылу салаларына қарай үшке бөлінетінін білесіңдер. Құрлық әскерлері Қарулы Күштеріміздің саны ең көп және қару-жарағы мен жауынгерлік іс-қимыл жасау әдістері алуан түрлі түрі болып табылады», - деді Д. Адырбеков.
Оқу орталығында жас сарбаздар әскери мамандықтарды меңгеріп, жарты жылдан соң Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелеріне жіберіледі.
Әскери мамандықты шебер меңгеру, күнделікті міндеттерді адал атқару, жауынгерлік дарлық пен кәсібилікті ұдайы шыңдап отыру - халық пен мемлекет алдында берген антын адал атқаратын патриот жауынгерге тән сипат.