600 мың гектар егін алқабы қуаңшылыққа байланысты жарамсыз деп танылды

АСТАНА.  28  тамыз. ҚазАқпарат - Еліміздің 600 мың гектар егін алқабы қуаңшылыққа байланысты жарамсыз деп танылды.

 600 мың гектар егін алқабы қуаңшылыққа байланысты жарамсыз деп танылды

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның жауапты хатшысы  Евгений Аман мәлім етті.

«Бүгінгі күні барлық облыстарда, оның ішінде солтүстік өңірлерде егін орағы науқаны басталып кетті. Жалпы алғанда егін алқабы алаңының 40 пайызға жуығы жиналды. 16,5 млн. гектардың 15,6 млн. гектары ораққа түседі және белгілі бір өңірлерді қоса алғанда 0,6 млн. гектар егін алқабы қуаңшылыққа байланысты жарамсыз деп танылады», - деді Е. Аман.

Оның айтуынша, қазіргі таңда егін орағын өз деңгейінде өткізуге барлық жағдайлар жасалған, барлық техникалар сақадай сай.