600 жыл бұрын батып кеткен кеме су бетіне шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландыда 600 жыл бұрын батып кеткен кеме су бетіне шығарылды. Негізі археологтар оны 2011 жылы тапқан екен.
Алайда өзен түбінен көтермес бұрын толықтай тексеріп шығуды ұйғарыпты. Бұл оқиға үш өлшемді анимацияның көмегімен түсірілген, деп хабарлайды 24.kz.
Ғалымдар 20 метрлік кеме Эйсел өзеніндегі су деңгейін көтеру үшін әдейі батырылған деген болжам айтып отыр. Жалпы, су көлігін голландиялық көпестер орта ғасырларда тауар тасу үшін қолданған екен.
«Кеменің салмағы 40 тоннаға жетеді. Біз оны су бетіне көтергеннен кейін ғана анықтадық. Оның жақсы сақталғанын айту керек. Енді тарихқа қатысты көптеген жаңа мәлімет алуға мүмкіндік туып отыр»,-дейді археолог Вутер Валдус.