622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
«АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.