625 млрд теңге салық берешегі: Қарызы ең көп 6 компания анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Салық төлемеген кәсіпорындардың мемлекетке берешегі тым ауқымды. Антирейтингінің басында тұрған бірнеше компанияның өзі жалпы 625 млрд теңгеден астам сома төлеуі тиіс. Бұл жөнінде Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Ведомство мәліметіне сай, қазіргі таңдағы жағдай бойынша ең ірі салық борышкерлерінің тізімі мынадай:
1. «Ai-To Progress» ЖШС — 111,6 млрд теңге,
2. «TEX ALLIANCE» ЖШС — 96,5 млрд теңге,
3. «Alpha-bet» (Альфа-Бэт) ЖШС — 95,1 млрд теңге,
4. «GROUP OF THE COMPANIES TDA» ЖШС — 92,3 млрд теңге,
5. «Букмекерская контора «OLIMP KZ» ЖШС — 85,6 млрд теңге,
6. «GB Invest» ЖШС — 47,2 млрд теңге.
Есіңізге салайық, бұған дейін Салық жүйесіндегі цифрлық жаңалықтар, яғни декларация тапсыру жеңілдейтіні жөнінде хабарлаған едік.
Алпамыс Файзолла