64-ші Канн кинофестивалі ашылды
АСТАНА, 12 мамыр. ҚазАқпарат - Итальян режиссері Бернардо Бертолуччи бүгін 64-ші Канн кинофестивалін ашық деп жариялады, деп хабарлады «РИА «Жаңалықтар» агенттігі.
Салтанатты рәсімге Клаудия Кардинале, Сальма Хайек, Айшвария Рай, Мелани Гриффит және Антонио Бандерас қатысты. 64-ші фестивальдің ресми жарнамасынпа бұдан 41 жыл бұрын Джерри Шацберг салған Фэй Данауэйдің суреті таңдалып алынды.
Биылғы фестивальдің негізгі бағдарламасына ресейлік фильмдер ілікпей қалды. Фестиваль 22 мамырда жабылады, «алтын пальма бұтағының» жаңа иесі сол күні белгілі болмақ.