64 жасар жүзуші Кубадан АҚШ жағалауына дейінгі 177 шақырымдық қашықтықты жүзіп өтті
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - 64 жасар америкалық Дайана Найад Кубадан Флоридаға дейінгі 177 шақырым қашықтықты акуладан қорғайтын жабдықтарсыз тұңғыш рет жүзіп өтті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Аталған қашықтықты еңсеруге ол 53 сағат уақыт жұмсаған және оның жанында қайықпен 35 адамнан құралған команда қатар жүзіп отырды.
Осыған дейін Найад бұл арақашықтықты жүзіп өтуге төрт мәрте талпынған еді, алайда осы әрекеттері сәтсіз болды. 2012 жылы ол бұл сынақтан дауылдың салдарынан өте алмады.
Атап айтқанда, жүзушінің биылғы жылғы жеңісін тамашалауға Флорида жағалауына жүздеген адам жиналды.