65 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Механикалық көлік жүргізетін 65 жастан асқан азаматтар екі жыл сайын міндетті түрде медициналық тексеруден өтетін болады. ҚР Ішкі істер министрлігінің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, бұл «Жол журу туралы» Заңның 29 бабына сәйкес ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды 1720.kz.
- Қазіргі таңда жол жүру куәлігі 10 жылдан асқан барлық жүргізушілер, куәлікті ауыстыру барысында медициналық тексеруден өтулері тиіс. Жаңа Заң енгізілген соң, бұл талап 65 жастан асқан азаматтарға да қатысты болады, - деді ІІМ әкімшілік Полиция комитетінің баспасөз қызметкері Ирина Лукьянина.
Сондай-ақ, Заң бойынша жолаушылар мен қауіпті заттарды тасымалдайтын жүргізушілерді медициналық тексеруден қайта өткізу, ал осы категориядағы елу жастан асқан жүргізушілерді жыл сайын тексеру қарастырлуда.