66,4 мың адамның конституциялық құқықтары қорғалды- Бас Прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 8 айында прокуратура органдары еңбек жалақыларын уақтылы төлеу мәселелері бойынша тексеріс жүргізу барысында 11 мыңнан астам заңдылықты бұзу анықталды, осының нәтижесінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың атына 451 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
None
None

Қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша 66,4 мың адамның конституциялық құқықтары қорғалды, тәртіптік жауапкершілікке 30, әкімшілік жауапкершілікке 88 тұлға тартылды, жұмыс берушілерден 5,1 млрд.-тан астам теңге өндірілді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мысалға, а.ж. қыркүйекте Ақтөбе облысының прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында «Автопарк» ЖШС-нің жалақы бойынша қарызы бар екенін анықтады.

Ақтөбе қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы кәсіпорын қызметіне тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде «Автопарк» ЖШС-нің 997 қызметкеріне а.ж. тамыз айы үшін жалпы сомасы 50 млн. теңге көлемінде еңбек жалақылары төленбегені расталды.

Осы факт бойынша прокуратура органдары кәсіпорын директорының атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарым енгізді.

Прокурорлық қадағалау актісін орындау нәтижесімен осы кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы еңбек жалақылары бойынша берешек толық көлемде өтелді.

Осы бағыттағы өңірлік прокуратуралардың жұмысы Бас прокуратураның тұрақты бақылауында тұр.

Соңғы жаңалықтар