67 жастағы ақмолалық велоспорттан екі дүркін ел чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 67 жастағы Ақмола тұрғыны Валерий Карагаев велоспорттан екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

67 жастағы ақмолалық велоспорттан екі дүркін ел чемпионы атанды

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының Талғар қаласында ҚР 4-ші ашық чемпионаты өтті. 

Астананың 20 жылдығына орай 16 жəне 65 жас аралығындағы «Masters» санатындағы ардагерлер мен əуесқойлар арасында ұйымдастырылған жарысқа елімізден бөлек Германия, Ресей, Украина, Өзбекстан жəне Қырғызстан мемлекеттерінен келген спортшылар да қатысып, бақ сынады. 

Сайыс жеңімпаздары жекелей жарыс, топтық жарыс жəне «Критериум» қала көшелерімен жарысу тəрізді үш бәсеке арқылы анықталды.

Оның ішінде 67 жастағы ақмолалық Валерий Карагаев 45 шақырымда топтық жарыс жəне «Критериум» қала көшелерімен жарысу бойынша чемпион атанса, 8,5 шақырым қашықтыққа жекелей жарыста үшінші орынға тұрақтады.
null

«Əр спорт түрінен үлкен тəжірибе аласың. Ал мында спорттың үш түрінен бірден сынға түстім. Бұл мен үшін бағалы тəжірибе. Велоспорт - жəй ғана ермек емес, өмірімнің бір бөлшегі», - деп қуанышымен бөлісті В.Карагаев. 

null