672 астаналық отбасы баспаналы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде «Қолжетімді баспана» бағдарламасы іске асырылуда. Былтыр оның аясында елордада «Кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға арналған баспана құрылысы» бағыты бойынша 6 тұрғын үй кешенін салу қолға алынды.

672 астаналық отбасы баспаналы болады

Үстіміздегі жылы қазан айында 672 жас отбасы Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 27,2 мың шаршы метр тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлайтын болады. Сонымен қатар Сарайшық көшесінің оңтүстігінде жалпы ауданы 28,3 шаршы метр 430 пәтерлік тұрғын үй тапсырылады. Бұл туралы қаланың құрылыс басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 2015 жылы Брусиловский-Иманов-Жұбанов көшелерінің аумағында орналасқан 272 пәтерлік тұрғын үй кешені, сондай-ақ Сарыбұлақ өзенінің бойында Тілендиев даңғылының оңтүстігінде орналасқан жалпы ауданы 14,6 мың шаршы метр 295 пәтерлік және және жалпы ауданы 22,9 мың шаршы метр 530 пәтерлік екі тұрғын үй кешені пайдалануға берілмек.

Бүгін Өзбекстанда екі рет жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар

Қытайда бір күнде екі рет жер сілкінісі тіркелді