68 жастағы әйел велосипедпен 8 мың шақырым жол жүріп өтті

АСТАНА.  Тамыздың  28-і. ҚазАқпарат  -  Ресейдің Тверь қаласының 68 жастағы тұрғыны   Юлия Михайлюк  велосипедпен    өзінің туған   жері Хабаровскіге  жеткен,     әрі  қарай Камчаткаға    барып,      атақты    Гейзерлер    алқабында    болып,   өзінің     арманын  орындап  отыр. 

68 жастағы әйел    велосипедпен  8 мың шақырым    жол жүріп өтті

Бұл туралы     жиһанкез  кейуананы бүгін  салтанатты   жағдайда күтіп алатын    Камчатка  өлкесінің үкіметінен  хабарлады.

 Юлия Михайлюк    мамырдың 20-сында жолға  шыққан.     Күніне 100  шақырым  жол жүріп отырып,  8  мың  шақырым  қашықтықты   бағындырған   әйел  3 айдан кейін  Қиыр    Шығыс  Федералды округінің    өлкелік орталығына жетіп  отыр,  деп хабарлайды «Маяк»  радиостансасы.