68 жастағы қостанайлық егу кабинетінде көз жұмды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанайда емханаға келген 1950 жылы туған қала тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

68 жастағы қостанайлық егу кабинетінде көз жұмды

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Абат Жауков растады. Оқиға №2 қалалық емханадағы егу кабинетінде болған.

«6 маусым күні 1950 жылы туған ер адам тері аурулары бойынша жоспарлы тексеруден өтуге келген. Бірақ, науқастың денсаулығы нашарлап, кенет жүрегі тоқтап қалған. Біздің қызметкерлер кешенді реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оның өмірін сақтап қала алмады», - деді А.Жауков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүргізген қызметтік тергеуден соң науқастың жүрек-қан тамырлары және басқа да күрделі аурулар бойынша диспансерлік тіркеуді тұрғаны анықталды.

Абат Жауков атап өткендей, науқасқа егілген дәрілер оның денсаулығына кері әсерін тигізбеген.