69 жастағы Олавур Рагнар Гримссон тағы да 5-ші мерзімге Ислания президенті болып қалады
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Алдағы 4 жылда Исландия президенті болып қазіргі мемлекет басшысы болып Олавур Рагнар Гримссон қалады,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бюллетендердің 40 пайыздан астамы есепке алынғаннан кейін ол 51,2 пайыз жинап отыр. Ал оның басты қарсыласы 37 жастағы журналист Тору Арнорсдоттирге сайлаушылардың 34,8 пайызы дауыс берген. Дегенмен тілші дауыс берудің ресми қорытындысы жарияланбай-ақ исландиялық телеарналардан сөз сөйлеп, өзінің жеңілгендігін мойындады. Оның атап өтуінше, ендігі уақытта ол сайлауалды науқаны кезінде дүниеге келген кішкентай қызының тәрбиесімен айналыспақ.
Осылайша 1996 жылдан бері билік басында отырған 69 жастағы Гримссон осымен 5-ші мәрте Исландияның президенті болмақ.