69 жастағы якутиялық мүгедек марафоншы жер шарын айналып жүгіруге бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутиялық марафоншы жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан асатын марафонды жоспарлауда. Көз мүгедегі Петр Наумов жақында 69 жасқа толады.
None
None

 Ол өз марафонын  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына және 6 шілдеде Якутияда ашылған «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарына арнайды, деп хабарлады ТАСС.

Алты айға созылуы мүмкін бұл жаңа марафонды Наумов әйелі Нинамен бірге атқармақ. «Нина велосипедпен жүреді, ал мен жүгіріп шығамын», дейді марафоншы.

Жоспар бойынша, Владивостоктан шыққан ерлі-зайыптылар Сиэл қаласына (АҚШ) ұшып барып, Нью-Йоркке дейін жүгіруді бастайды. Нью-Йорктан кейін якутиялық жұп Амстердамға ұшақпен жетіп, Нидерланды астанасынан Калининградқа дейін жүгіретін болады.  

Бұрынырақ Ресей театр және кино жұлдыздары - Дмитрий Мерзликин, Павел Деревянко, Амаду Мамадаков, Анна Чурина, Александр Робак және басқалары якутиялық спортшыны қаржылай қолдауға атсалысқан болатын.

АҚШ аумағының бір жағалауынан екінші жағалауына жүгіретін "Форрест Гамп" фильмінде басты рөлді сомдаған голливудтық актер Том Хэнкс те Наумовқа қолдау білдірді. 

Соңғы жаңалықтар