Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

69 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жетпіс жылға жуық бір шаңырақ астында тұрған ерлі-зайыптылар бір аурухана палатасында араларына 40 минут салып көз жұмды.

69 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден озды

89 жастағы Тереза Ваткин 22 сәуір күні түнде Чикагодағы Highland Park ауруханасында қайтыс болды. Оның 91 жастағы күйеуі Айзек бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өмірден озды. Туыстарының айтуынша, әжей қайтыс болар алдында екеуі қол ұстасып жатқан. Олардың қолын ажыратқан кезде ер адамның ақтық демі таусылған, деп хабарлады Associated Press.

Ерлі-зайыптылардың ұлы Лео Ваткин журналистерге әкесінің анасын шексіз жақсы көргенін, одан жырақта ештеңе жасағысы келмегенін айтты. Тереза мен Айзекті жерлеу рәсімі 24 сәуір күні өтті.