7- 13 шілде күндері Маңғыстау және Қарағанды облыстарының шалғай ауылдарының тұрғындары тегін медициналық көмек алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 7 және 13 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысының Мұнайлы және Бейнеу аудандарының шалғай ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады.

7- 13 шілде күндері Маңғыстау және Қарағанды облыстарының шалғай ауылдарының тұрғындары тегін медициналық көмек алады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

13 шілдеде терапевтерден, кардиологтардан, хирургтерден, педиатрлардан, гинекологтардан, офтальмологтардан, стоматологтардан және зертханалық-диагностикалық қызметінің (УДЗ, ЭКГ, рентген зерттеулері) мамандарынан құрылған жұмылдыру топтарының Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына шығуы ұйымдастырылытын болады.

Профилактикалық тексерулерді өткізуге және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларының медициналық қызметкерлері тартылады.

Ақтоғай ауданынан кейін 4 жылжымалы медициналық кешең Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына жіберіледі.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтетіндігін естеріңізге саламыз.