«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 78 774 өтінім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 988,3 млрд теңге несие алуға 78 774 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 78 774 өтінім қабылданды

Оның ішінде 565,3 млрд теңгеге 45 181 несие мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасына қатысты сұрақ бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.