7-20-25 бағдарламасы: Тараздықтар мереке қарсаңында баспаналы болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жаңа 15-ші шағын ауданда үй салынып, Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында тұрғындарға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетейік, халықаралық «Ancient Taraz-2018» туристік форумының аясында Достық үйінде Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 15-ші шағын ауданның таныстырылымын жасады. Сондай-ақ ол облыс орталығын дамыту бағдарламасымен және «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

Бүгін 880 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғындар, қала әкімінен пәтер кілттерін алды. Баспана алғандардың қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жетім балалар, толық емес және көпбалалы отбасылар бар. Баспанамен қамтылғандардың басым бөлігі 7-2025 бағдарламасының қатысушылары және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынды»,-деді Ғалымжан Әбдірайымов үй иелерін құттықтай отырып.

Осы кезде салынып жатқан 15-ші шағын аудан болашақта қаланың жаңа мәдени-іскерлік орталығына айналады. Онда үлкен коммерциялық және әкімшілік ғимараттар бой көтереді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» депозит ашып, ай сайын тиісті төлемін төлеп тұрдық. Уақыт лезде өте шықты. Сондықтан біз үшін бұл күтпеген жағдай болды. Бұл тұрғын үй алу үшін өте тиімді шарттар. Осындай бағдарламаға бастамашыл болған Елбасына рахмет»,-дейді отбасы мүшелері.

Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың айтуынша, облыс орталығының батысында орналасқан және 30 мың адамға арналған шағын ауданда көптеген әлеуметтік нысандар бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар