«7-20-25» бағдарламасын жалғастыра беру керек - Марат Қарабаев
«2-10-20» мен «5-10-20»-ға биыл тағы да 70 млрд теңге бөлдік. Ал үшінші бағыт – ешқандай кезекте жоқ, зауытта істейтіндер сияқты қарапайым кісілерге арналған «7-20-25» бағдарламасы. Ол бағдарлама бойынша 116 мың өтініш түскен болса, соның 65 мыңы қазір қанағаттандырылған. 870 млрд теңге игерілген. Жалпы, бағдарлама бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған», - деді министр.
Оның айтуынша, халықтың бұл ипотекаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 600 млрд теңге керек.
«Бұл қаражат бөлінеді немесе бөлінбейді деп нақты айта алмаймын. Өйткені, бағдарлама жалпы Ұлттық банктің есебінен қарастырылған. Біздің министрлік тарапынан өзіміздің ұстанымымыз – бағдарламаны жалғастыру керек. Өйткені тиімді, халықтың қалауы бар», - деді Марат Қарабаев.
Еске салсақ, бұған дейін Ғалымжан Пірматов аталған бағдарлама туралы айта келіп, Ұлттық банк ондай жобаларды қаржыландырудан неғұрлым тезірек кетсе, соғұрлым дұрыс екенін айтқан еді.