«7-20-25»: Маңғыстауда мерекеге орай жеңілдіктер жасалады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Тәуелсіздік күніне орай «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алатындарға мерекелік жеңілдік жасалады. Бұл туралы Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бес бірдей құрылыс компаниясы 5 және 10 пайыз аралығында тұрғындарға тиімді ұсыныспен үй алуға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта қала аумағында 5 құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын аяқтап, 400 пәтерді «70-20-25» бағдарламасы аясында сатуға дайын. Сондай-ақ алдағы 15 желтоқсан күні «Ақ қала молл» сауда, ойын-сауық орталығында құрылыс мекемелерінің, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен жәрмеңке өткізу жоспарланған. Онда тұрғындарға жеңілдік шарттары түсіндірілмек.

«Қазіргі уақытта Ақтау қаласында 24 учаскеде комерциялық баспана құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші  деңгейлі банктерге 2 млрд 929 млн теңгеге 378 өтінім келіп түсті. 1 млрд 935 млн теңгенің 238 өтінімі мақұлданды. Бүгінде Ақтауда осы бағдарлама арқылы берілетін дайын тұрған пәтерлер бар»,- деді Маңғыстау облыcының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Имаммахмут Шағырбаев.

Соңғы жаңалықтар