«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламасымен қанша азамат үйлі болды
«Экономиканы қолдау аясында Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тұрғысында биылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 454,3 млрд теңгеге 618 өтінімді мақұлдап, 266,6 млрд теңге сомасына 536 қарыз берді», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында биылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша кәсіпкерлер 535,9 млрд теңге сомасына 2 207 өтінім берді. Осы орайда 341,4 млрд теңгеге 1 279 несие берілді.
«Ал «7-20-25» бағдарламасы тұрғысында осы жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша 240,7 млрд теңгеге 20 693 өтінім мақұлданды, оның ішінде 199,3 млрд теңге сомасына 16 868 қарыз берілді.
«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама аясында 6 тамыздағы жағдай бойынша 296,4 млрд теңге сомасына 34 904 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 235,6 млрд теңгеге 28 347 несие берілді», - деді Е. Досаев.