7,5 балдық жер сілкінісінен кейін Папуа-Жаңа Гвинея жағалауына цунами қаупі төнді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында 7,5 балдық күшті жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төнгені жарияланды, деп хабарлады РИА Новости Тынық мұхитындағы цунами қаупін ескерту орталығына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Кокопо қаласынан 139 шақырым қашықтықта 7,5 балдық жер сілкінісі орын алғаны хабарланған.
Папуа-Жаңа Гвинея «Тынық мұхитының отты сақинасы» деп аталатын сейсмикалық белсенділігі жоғары тектоникалық жер жарығының бір бөлігі.