12:11, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
7-8 ақпанда Астанада қарлы боран күтілуде - Қазгидромет
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - 7-8 ақпанда Астанада, Ақмола облысында боран тұратыны туралы ескерту жарияланды,
деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, хабарламада күндіз 7-8 ақпан күні Астанада 17-22 м/с күшімен оңтүстiк-батыс желi мен бұрқасын күтiліп отырғаны көрсетілген.
7-8 ақпанда күндіз Ақмола облысында күшті бұрқасын күтіледі, оңтүстiк-батыс желi - секундына 17-22 метрге, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді, делінген хабарламада.