7 АЭФ шеңберінде мемлекеттік қызмет бойынша жаһандық конференциясының виртуалды жобасы іске қосылады

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы тамыз және 2014 жылғы ақпан айы аралығында «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында және VII Астана экономикалық форумы шеңберінде «Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау, олардың ілгерлеуі мен еңбекақы төлеу жүйесі» атты жаһандық конференциясының виртуалды жобасы жүргізіледі.

7 АЭФ шеңберінде мемлекеттік қызмет бойынша жаһандық конференциясының виртуалды жобасы іске қосылады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба ауқымында конференцияның бағдарламасы мен тақырыбын онлайн режимінде виртуальды талқылау өтеді: http://group-global.org/aef/view/280

Астана экономикалық форумы қазіргі заманғы экономикалық, қаржылық, әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын іздеуде әлемнің озық ойшылдарын біріктірген халықаралық жиын болып табылады. Жаһандық конференция ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы.

Виртуалды жоба барысында мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртудың әртүрлі қырларын талқылау жоспарлануда, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау, олардың ілгерлеуі мен еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзекті трендтер, өңірлік ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб шеңберінде қарастырылады.