7 ақпан күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 ақпан күні фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша құбылмалы күн райы күтіледі. Батыс, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде жауын-шашын болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, түнде жаяу бұрқасын жүреді. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде қатты аяз күтіледі.

Қарағанды ​​облысында түнде аяз болады. Кей жерлерде аяз қатты болатыны болжанады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Соңғы жаңалықтар