7 ақпан күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 23-28 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с артады. Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді.
Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.