7 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 7 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1949) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан мемлекеттік премиясының лауреаты Гүлжамал Мұқажанқызы ҚАЗАҚБАЕВА дүниеге келді.

 КАЗАКБАЕВА Гульжамал Мукажановна
Фото: novoetv.kz

Алматы облысының тумасы. 1966-1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімінде, 1994-1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет институты) «драма және театр актрисасы» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолы: 1969-1978 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актриса. 1978 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.

1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 1992 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағымен марапатталды. 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін медалі», 2011 жылы «Құрмет ордені», 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медалімен марапатталған.

65 жыл бұрын (1960) «ТеңізСервис» ЖШС Басқарма мүшесі, Бас директордың жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі Лиза Успанқызы УЛЬЖАБАЕВА дүниеге келді.

Лиза Успанқызы УЛЬЖАБАЕВА
Фото: tenizservice.kz

Алматы сәулет-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша және Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін әлеуметтік саладағы және салалардағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде арнайы технологиялар оқытушысы ретінде бастады, кейін құрылыс компаниясында жоспарлы-өндірістік топтың басшысы ретінде жұмыс істеді. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымын атқарып, осы ұйымдағы еңбек жолын күрделі құрылыс бөлімінің маманы лауазымынан бастады.

Қазіргі қызметін 2013 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.

61 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Арыстанбек Сағатбекұлы СТЫБАЕВ дүниеге келді.

 Арыстанбек Сағатбекұлы СТЫБАЕВ
Фото: sud.gov.kz

Еңбек жолы: 1996-2006 жылдары Талдықорған облыстық сотының судьясы, 2006-2020 жылдары Алматы облыстық сотының судьясы қызметін атқарды. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия мүшесі.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.

54 жыл бұрын (1971) «АЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жомарт Досанқұлұлы НҰРАБАЕВ дүниеге келді.

Жомарт Досанқұлұлы НҰРАБАЕВ
Фото: nalogikz.kz

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 2000 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 2000 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

2000-2003 жылдары «ТрансОйлИнвестментс» ЖШС қаржы директоры, «Евразия Грэйн» ЖШС директоры, «Каскор Консалтинг» ЖШС директоры, «Самал Инвест» ЖШС директоры қызметінде болды. 2003-2005 жылдары «Фирма AЛМЭКС» ЖШС қаржы директоры, 2005-2007 жылдары «Aлмэкс Холдинг тобы» АҚ қаржы директоры, 2012-2014 жылдары «AЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ басқарма төрағасы, 2007-2014 жылдары «АЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі қызметінде болды. 2023 жылы – «Халық банкі» АҚ (Халық банкі) директорлар кеңесінің мүшесі, «AЛМЭКС» Холдинг тобының» өкілі.

Соңғы жаңалықтар