7 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 ақпанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

7 ақпан. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

7 4 жыл бұрын (1949) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан мемлекеттік премиясының лауреаты – Гүлжамал Мұқажанқызы ҚАЗАҚБАЕВА дүниеге келді. Алматы облысының тумасы. 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады. 1994 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет институты) «драма және театр актрисасы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1969 - 1978 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актриса. 1978 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Марапаттары: 1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 1992 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағымен марапатталды. 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін медалі», 2011 жылы «Құрмет ордені», 2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Жандос Демесінұлы НҰРМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (2002); Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, электр энергетикасы (2009-2011); КИМЭП Университеті, басқарушы персоналға арналған бизнесті басқару (MBA (2013).

Еңбек жолы: «Каруглесбыт» ЖШС директорының орынбасары, директоры (2003-2005); «Қарағанды ​​аймақтық энергетикалық компаниясы» ЖШС директоры (2005-2006); «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ бас директоры (2008-2010); «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2011-2013); «Жаңартылатын энергия көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС бас директоры (2013-2020); «KEGOC» АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры (2020-2021); «KEGOC» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры (02.12.2021-12.12.2021).

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.