7-қабаттан құлаған бір жасар сәби аман қалды

МИНСК. ҚазАқпарат - Беларусьтың Могилев қаласында 2 қыркүйек күні кешкісін тұрғын үйлердің бірінің жетінші  қабатынан құлап кеткен бір жасар бала аман қалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

7-қабаттан құлаған бір жасар сәби аман қалды

Тергеу комитетінің Могилев облысы бойынша басқармасының ресми өкілі Оксана Соленюктің мәлімдеуінше, 17:15 шамасында сәбиімен бірге серуендеп қайтқан әйел оны диванға жатқызып, өзі асүйге кетеді. Бала сол кезде терезеден құлап кеткен.

Оқыс жағдайға куә болған көрші әйел қолма-қол жедел жәрдем шақырады. Бала бірнеше жерінен жарақат алғанына қарамастан, аман қалған. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.