7 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 7 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Арыстанғани ЗАППАРОВ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы
1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және ҚР ІІМ академиясының заң институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1993-2001 жылдары Жамбыл, Алматы облыстарының ішкі істер басқармаларында және Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасында жедел қызметтер атқарған. 2001-2010 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаментінің жедел бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болған. 2010-2012 жылдары Криминалдық полиция басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары Алматы және Ақмола облыстарындағы қалалық ішкі істер органдарының бастығы, 2013-2014 жылдары Көліктегі ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы болды. 2014-2016 жылдары ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары, 2016-2017 жылдары Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы міндетін атқарды. 2019 жылғы сәуір-шілде аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, 2019-2022 жылдары ҚР ішкі істер вице-министрі, 2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, 2022-2026 жылдары Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
Айдар ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры
1970 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Халықтар достығы Қазақ инженерлік-педагогикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары және бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2009-2010 жылдары ҚР Статистика агенттігі департаментінің статистика басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, 2010-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінің бастығы болған. 2013-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінің басшысы, 2018-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Түркістан облысы бойынша Статистика департаментінің басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған. 2022 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы шілде аралығында Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарды. 2023 жылғы шілде — 2025 жылғы тамыз аралығында Сауда комитетінің төрағасы, 2025-2026 жылдары ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
Ләззат ИБРАГИМОВА, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы
1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1994 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, 2003 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, 2018 жылы Назарбаев Университетінің Executive MBA бағдарламасын бітірген. 2003 жылы экономика ғылымдарының кандидаты атанған.
Еңбек жолы: 1995-2004 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2004-2009 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болған. 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қаржы институттары мен даму институттарын басқару дирекциясының бас менеджері, 2009-2011 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2011-2016 жылдары осы қордың басқарма төрағасы, 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 2017 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшысы, 2022 жылдан бастап қайта сайланып, «Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі әрі басқарма төрағасы қызметін атқарады. 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, 2016 жылы «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2016 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2020 жылғы мамырдан бастап «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады. 2022 жылғы ақпанда бұл қызметке қайта сайланған.
Мейрам КОЖУХОВ, Қарағанды қаласының әкімі
1972 жылы Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша, 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, қала шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1992 жылғы қыркүйек — 1994 жылғы қаңтар аралығында «МК-ЛЮКС» ЖШС атқарушы директоры болды. 1999 жылғы қаңтар — 2001 жылғы наурыз аралығында кәсіпкерлікпен айналысқан. 2001 жылғы наурыз — 2005 жылғы ақпан аралығында Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы, 2005 жылғы маусым — 2010 жылғы шілде аралығында Ақтас кентінің әкімі, 2010 жылғы шілде — 2018 жылғы шілде аралығында Саран қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы шілде — 2022 жылғы наурыз аралығында Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі, 2022 жылғы наурыз — 2023 жылғы қаңтар аралығында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
Қанат ТУМЫШ, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1975 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1997 және 1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратындағы Мемлекеттік протокол бас басқармасында қызмет атқарған. 1998-1999 жылдары Көпжақты ынтымақтастық және халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменттерінде өңірлік өзара іс-қимыл мен кооперация мәселелерімен айналысқан. 1999-2003 жылдары Қазақстанның Ыстанбұлдағы вице-консулы, Түркияның Анкара қаласындағы Қазақстан елшісінің көмекшісі әрі елшіліктің баспасөз хатшысы болды. 2003-2005 жылдары Қазақстанның Венгриядағы консулы, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар еліндегі консулы қызметін қоса атқарған. 2005-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында Көпжақты ынтымақтастық департаменті Халықаралық қауіпсіздік басқармасының бірінші хатшысы, кеңесші және Азия ынтымақтастығы басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратындағы Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінде басшылық қызметтер атқарып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ), Түркі кеңесі және түркі интеграциясы мен азиялық диалог алаңдарына қатысты басқа да ұйымдардың қызметін үйлестірген. 2010 жылы АӨСШК атқарушы директорының (Бас хатшысының) орынбасары, 2010-2014 жылдары АӨСШК атқарушы директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2015-2016 жылдары Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі қызметтерін атқарды. 2016-2019 жылдары Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәселелері жөніндегі орынбасары, 2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мұнай-газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) компаниясында Тенгиз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, 2004-2007 жылдары бизнесті дамыту менеджері, өндіріс менеджері және компанияның Ақтау филиалының басшысы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, 2012-2013 жылдары осы компания басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары болды. 2013-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ вице-министрі, 2014-2019 жылдары ҚР Энергетика вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары ҚР Энергетика министрі, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, 2022-2024 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2023 жылдан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
Олжас ТӨЛЕУОВ, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары
1990 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы: 2012-2013 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қаласының коммуналдық шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары AERC компаниясында бизнес-талдаушы, 2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінде тағылымгер, жетекші талдаушы және бас талдаушы болды. 2018-2020 жылдары Applied Economic Research Centre (Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы) директорының орынбасары және басқарушы директоры, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, 2020 жылғы қыркүйек — 2022 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы кеңесшісі қызметін атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы сәуірден бері атқарады.
Жақып АҚБАЕВ, қазақ зиялы қауымының өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, заң магистрі дәрежесін алған тұңғыш қазақ
1876 жылы бұрынғы Қарқаралы уезінің Берікқара болысындағы Мылбұлақ қыстағында ауқатты шаруа отбасында дүниеге келген. Омбы гимназиясын бітірген соң Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түскен. Қазақтар арасынан тұңғыш болып құқық магистрі ғылыми дәрежесін алған. Жақып Ақбаев 1905 жылғы 11 қазандағы патша манифесінің жариялануына байланысты сол жылдың 19-20 қазанында Омбы көшелерінде өткен шерулерге қатысты. Осыған қатысты оған айып тағылып, саяси көзқарасына байланысты сот мекемелеріндегі қызметінен босатылған.
Қарқаралыға оралған соң, 1905 жылғы 15 қарашада өткен шеруді ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы оқиғадан кейін оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, өзі таңдаған жерде екі жыл бойы ашық бақылауда болу жазасына кесілді. Ол Жетісу облысындағы Қапал ауылын тұрғылықты мекені ретінде таңдады. 1910 жылы Ішкі істер министрлігі Ақбаевқа Семей және Торғай облыстарының аумағында тұруға тыйым салу туралы қаулы шығарды. Ол Қарағандыға қоныс аударып, кеншілер арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кейін тұтқындалып, Семейге жіберілді. Ақпан революциясын Жақып Ақбаев Қарқаралыда қарсы алды.
1917 жылғы қазаннан бастап Қарқаралы уездік жер комитетін басқарды. Семейдегі сот органдарында қызмет етті. Кейін Оңтүстік Қазақстанда адвокат болып жұмыс істеді. 1929 жылы негізсіз саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Воронежде айдауда болды. 1934 жылы Алматыға оралып, сол жылы 60 жасында қайтыс болды.