7 қараша күні Астананың ескі вокзалының автотұрағына кіру тегін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ескі теміржол вокзалының автотұрағына кіру уақытша тегін болады, деп жазды Astana LRT Facebook-тегі ресми парақшасында.
None
None

2017 жылғы 7 қараша күні 09:00-ден 23:00-ге дейін Астана қаласының ескі теміржол вокзалының көлік тұрағы аумағында көлік тұрағына төлем қабылдау жүйесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Осыған орай тұраққа кіру және шығу жолдары ашық болады, яғни шлагбаумдар көтерулі тұрады, көлік қозғалысы шектелмейді», - делінген компанияның хабарламасында.

Компания тұрғындардан тұраққа кіру немесе шығуға байланысты қиындықтар туындаса, сондай-ақ басқа да мәселелер жөнінен 574-777 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар