7 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 7 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Зұлқарнайұлы ЕСКЕНДІРОВ дүниеге келді.
Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Черноводск (Қарасу) ауылында туған. 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «Органикалық емес және минералды тыңайтқыштар технологиясы» мамандығы бойынша аяқтаған. Аталған институт жанында әскери кафедрасын аяқтап, запастағы аға лейтенант атағы берілген.
Еңбек жолын 1982 жылы Жамбыл (Тараз) қаласы Жаңа Жамбыл фосфор зауытына жас маман ретінде жолданып, сары фосфор өндіру №5 цехының ауысым шебері болып бастаған. 1986 жылы сары фосфор өндіру №5 цехының басшысы болып тағайындалады. 1988 жылы зауыттың партия ұйымының хатшысы болып сайланады және ол жерде 1990 жылға дейін қызмет атқарған. 1990 жылы №4 сары фосфор өндіру цехының бастығы қызметіне тағайындалды. 1992-1996 жылдары ЖаңаЖамбыл фосфор зауыты бас директорының тауар өткізу және сыртқы экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1996-1998 жылдары «Арго» ЖШС-нің Бас директоры, 1998-1999 жылдары «ЖаңаЖамбыл фосфор зауыты» өндіріс кооперативінің директоры болды. 1999 жылдан «Қазфосфат» ЖШС құрылғаннан кейін «Қазфосфат» ЖШС-і (ЖЖФЗ) филиалының директоры, 2000 жылы Компаияның Маркетинг және сату департаментінің директоры (Алматы қаласы), ал 2002 жылдан бастап «Қазфосфат» ЖШС Басқарма төрағасының маркетинг және тауар өткізу жөніндегі орынбасары, 2005-2021 жылдары «Қазфосфат» ЖШС-нің Бас директоры қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып жатыр.
Қазақстанның Еңбек Ері. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл ауданы, Түркістан облысы Сайрам ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие. Медаль, ордендермен марапатталған.
55 жыл бұрын (1969) Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Расылханұлы ЗАППАРОВ дүниеге келген.
Жамбыл облысында туған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы ҚР ІІМ Академиясының Заң институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1993-2001 жылдары Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған. 2001-2010 жылдары Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген, 2010-2012 жылдары Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы, 2013-2014 жылдары Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, 2014-2016 жылдары ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары, 2016-2017 жылдары Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, 2019 жылы Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, 2019-2022 жылдары ҚР ішкі істер министрінің орынбасары. 2022 жылы – Алматы облысы полиция департаментінің бастығы.
2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
ҚР Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері. «Айбын» ІІ-дәрежелі орденімен, «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және ведомстволық медальдарымен марапатталған.
52 жыл бұрын (1972) «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Еркінқызы ИБРАГИМОВА дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1995 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 1999-2004 жылдары ІІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Ақиқат» депутаттық тобының жетекшісі. 2004-2009 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және нарық институттарын басқару жөніндегі дирекцияның бас менеджері. 2009 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2016 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі төрағасының орынбасары. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшысы, «Отбасы Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, соның ішінде «Найрамдал» (Моңғолия) медалімен марапатталған.
52 жыл бұрын (1972) Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлы КОЖУХОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Саран қаласында туған. 2004 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалыұ университетін «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы"М. К-Люкс" ЖШС атқарушы директоры лауазымынан бастады. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2001-2005 жылдары Саран қаласының Мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. 2005-2010 жылдары Ақтас кентінің әкімі, 2010-2018 жылдары Саран қаласы әкімінің орынбасары, 2018-2022 жылдары Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі, 2022-2023 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы ТУМЫШ дүниеге келген.
Ақтөбе қаласында туған. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: 1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе, 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы, 1999-2001 жылдары ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул, 2001-2003 жылдары ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы, 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, 2003-2005 жылдары ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі, 2005-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы, 2007-2009 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2009-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, 2010-2014 жылдары «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі; 2015-2016 жылдары ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл, 2016-2019 жылдары ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары, 2019-2023 жылдары Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2023 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін», «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл», т.б. көптеген медальдармен, грамоталармен марапатталған.
46 жыл бұрын (1978) «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы Мағзұм Маратұлы МЫРЗАҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатия академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, 2004-2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры, 2010-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР мұнай газ вице-министрі, 2014-2019 жылдары ҚР энергетика вице-министрі, 2019-2021 жылдары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі, 2021-2022 жылдары ҚР энергетика министрі, 2022 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2022-2024 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болды.
34 жыл бұрын (1990) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Аязбиұлы ТӨЛЕУОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған.·Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы: 2012-2013 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қаласының коммуналдық қызметтерінде жұмыс істеген, 2013-2015 жылдары AERC бизнес талдаушысы, 2015-2018 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің Ғылыми-зерттеу және статистика департаментінің тағылымдамасы, жетекші талдаушысы, бас талдаушысы қызметінде болды. 2018-2020 жылдары Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, басқарушы директоры, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, 2020-2022 жылдары Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
148 жыл бұрын (1876-1934) қазақ зиялыларының бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып АҚБАЕВ дүниеге келген.
Семей облысы Қарқаралы уезі Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып, онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы І дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітеді.
Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады. Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болды.