7 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 7 қарашада елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 8.30-да ОАӨЭЫ 23-ші министрлік конференциясы өтеді.
9.00-де NU-да «Энергия тиімді серіктестік: жаңа шындық» атты VI Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді.
9.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді. Съезге Қазақстанның барлық өңірінен өкілдік ететін 400-ден астам делегат, сондай-ақ 200-ге жуық бизнес-қауымдастық қатысады. Күн тәртібінде кәсіпкерлер мен делегаттардан бірнеше ай ішінде келіп түскен мәселелер қаралатын болады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
10.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум өтеді.
12.00-де «Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
14.30-да ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында талқыланады.
15.00-де AstanaHub-та Digital Finance Day өтеді. Бұл – Demo-Day форматындағы іс-шара, онда цифрлық тр бойынша жаңа жобалар ұсынылады
15.00-де AstanaHub – та digital Finance Day өтеді-бұл Demo-Day форматындағы іс-шара, онда мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау бойынша жаңа жобалар, сондай-ақ банктердің бизнеске арналған шешімдері ұсынылатын болады. Өтетін орны: Event Hall.
15.00-де №87 мектепте қала әкімі Жеңіс Қасымбектің «Байқоңыр» ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтеді.
16.00-де «ÓzgeEpic» шығармашылық хабында ауыл мектептеріндегі өмір мен өзгерістерге арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.