7 қарашада Қазақстанның бүкіл аумағында күн райы құбылмалы болады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 7 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР бүкіл аумағында ауа-райы тұрақсыз болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, ҚР оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, жел солтүстігінде жаяу бұрқасынмен күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0,-2 градус аяз болады.
А лматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Шымкент қаласында бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз қатты жаңбыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз 8-10 градус жылы болады.