19:05, 06 Қараша 2013 | GMT +5
7 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жамбыл, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысында, түнде және таңертең Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.