7 қазақстандық команда стартаптық «Technation» конкурсының іріктеу турында жеңімпаз атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД, Еуропа және Азия мемлекеттерінің стартап командалары арасындағы «Technation» акселерациялық бағдарламалар іріктеу турының қорытындылары жарияланды.
None
None

Инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе ұйымдастырған шарада қазақстандық 7 команда үздік болып танылды. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараның қорытындысына сәйкес, бағдарламаның халықаралық сарапшылар комиссиясы үздік стартап-командаларды анықтады. Енді жеңімпаз командалар АҚШ-тағы Кремний алқабында 2015 жылдың қазанында өтетін жедел даму бағдарламасына қатысатын болады. Жеңімпаздарға келсек, бұлар - bizmo, indibo, мангуст, almacloud, CRM, almasales, fascallmanager, picvpic, crystal жобаларын қамтыған 7 қазақстандық және 2 шетелдік команда. Мәселен, «Bizmo» жобасын ұсынушылар «B2B» платформасында веб және мобильді құрылғылар арқылы сатып алушылар мен жеткізушілерді оңай біріктіре алады. Ол платформа сатылымды арттыру және іскерлік өсімді шапшаңдату үшін жеткізушілерге сатып алушыларды оңай табуға көмектеседі. Ал «Indibо» жобасы бұл модульдік роботтардың тұтастай тобын құрайды, олар балалардың ойлау қабілетін дамытып, бағдарлама жасау, тактильді ойындар арқылы электроника мен роботты техниканы дамытуға септігін тигізеді.

«Айта кетерлігі, жақсы жобалар көп болды, 40 команданың арасынан 7-уін таңдап алу үшін халықаралық сарапшылар комиссиясына да оңай болған жоқ. Дегенмен, комиссия әрбір жобаны бірінші кезекте әлемдік ауқымдағы әлеуеттілік тұрғысынан қарады. Ендігі кезекте «Technation» бағдарламасы арқасында жеңімпаз атанған командаларға өздерін бүкіл әлемге таныту мүмкіндігі туып отыр», - дейді «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов.

Еске сала кетейік, 23 маусым мен 16 шілде аралығында өткен «Technation» бағдарламасына ТМД, Еуропа мен Азия елдерінен 345 өтініш түсті. Олар төрт басым бағытты, атап айтқанда мобильдік технология (36 жоба), электрондық коммерция (28 жоба), медиа-технология (9 жоба) және тұманды есептеу (7 жоба) бағыттарын қамтыды. Бірінші іріктеу кезеңінде 80 стартап-команда қалып, ал келесі кезеңде олардың арасынан 40 команда финалға шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар