7 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Д осқан Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген.

1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен.

62 жыл бұрын (1959) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Рашит Сайранұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Инженер-механик.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Нұржанар» ашық акционерлік қоғамының президенті болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2005 жылдан), Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылғы маусымнан бері.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» арнайы қызметінің директоры Әнуар Төлеуханұлы САДЫҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1991 жылыАлматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.

1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті. 1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген. 2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған. 2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (2019-2020).

Қазіргі қызметін атқаруға 2020 жылдың қаңтар айында кірісті.

2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар