7 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогы үшін жекпе-жек өнерінен республикалық турнир өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. Күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы туралы мәселе енгізілді. Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

10.00-де Манас, 19 мекенжайында психоневрологиялық интернат үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан Seni Cup республикалық чемпионаты өтеді.

11.00-де «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Албания Республикасының Президенті Б. Бегаймен кездесуі өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «iKOMEK-тің бүгінгі тынысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы Асқар Тақсымов. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – қоғамның экономикалық әл-ауқатын дамытудың негізгі факторларының бірі» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Стратегия және кәсіпкерлік, Бизнес мектебі, Imperial College London профессоры Мишель Роган; Технологиялар және инновацияларды басқару, Бизнес мектебі, Imperial College London профессоры Анне Тер Вал; Бизнес-тренерлер қауымдастығының жетекшісі Әйгерім Тарбағатаева; Әйелдерді дамыту мектебінің жетекшісі Әсемгүл Қадырханова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимаратында «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» жобасының ақпараттық жиыны өтеді.

20.00-де «Астана Арена» стадионда Қазақстан – Финляндия матчы өтеді.


Соңғы жаңалықтар