7 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

7 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Хан-Шатыр» сауда орталығы алаңындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Алматы және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
11.00-де Паралимпиадалық дайындық орталығында Паралимипиада ойындарына қатысатын спортшыларды шығарып салу жөнінде брифинг өтеді.
11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының Гала-концерті мен марапттау рәсімі өтеді.
12.00-де «Денсаулық фестивалі» науқаны басталады, онда қала тұрғындары қызықты спорттық шараларға қатыса алады.

АЛМАТЫ

11.00-23.00 аралығында ҚБТУ жанындағы саябақта «Дәмді Алматы» тағам фестивалі өтеді.
16.00-де «GRAND PARK» сауда орталығында цирк әртісі Мұрат Мұтырғановтың кеші өтеді.